Алматыдағы трафик реформасы: бағдаршамдар полиция басқаруынан алынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы трафик реформасы: бағдаршамдар полиция басқаруынан алынады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында жол қозғалысын басқару орталығын құру туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында жол қозғалысын басқару орталығын құру туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Досаевтың айтуынша, Алматыдағы 585-ке жуық бағдаршам кешенінің тек 91-і ғана барлық стандарттарға сәйкес келеді.

"Биыл барлық бағдаршам кешендерін жаңарту, біріктіру және Алматыда бұрын-соңды болмаған жол қозғалысын басқару орталығын құру бойынша ауқымды жұмысты бастаймыз. Қазіргі уақытта бұл функциялар Алматы полиция департаментіне бекітілген, бірақ ІІМ полиция департаменті қауіпсіздікке жауап береді, ал жол қозғалысын басқарумен әкімдік айналысады дегенді қабылдады. Біз осы ауқымды жобаны дайындап жатырмыз және оны күзде бастауды жоспарлап отырмыз. Қажеттілік те, мүмкіндік те бар. Қозғалысты басқару мен жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамдарға қатысты мәселелер шешіледі деп үміттенемін", – деді Алматы әкімі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети