04 маусым 2020 17:46

Алматыдағы "Целинный" кинотеатрының орнына не салынатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бұрынғы "Целинный" кинотеатрын қайта құру эскиздері ұсынылды. Кинозал енді ғимараттың ішінде де, шатырында да қала тұрғындары үшін мәдени-қоғамдық кеңістігімен болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда бұрынғы "Целинный" кинотеатрын қайта құру эскиздері ұсынылды. Кинозал енді ғимараттың ішінде де, шатырында да қала тұрғындары үшін мәдени-қоғамдық кеңістігімен болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұрынғы кинотеатр орнында "Целинный" заманауи мәдениет орталығы салынады. Бұл туралы орталық басшысы Джамиля Нұрқалиева мәлімдеді. Оның айтуынша, кинобағдарламалардың қызметі сақталады. Сонымен қатар, мұнда Қазақстан мен басқа елдердің қазіргі заманғы мәдениеті мен өнерін, сондай-ақ гуманитарлық және нақты ғылымдарды зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

"Дизайн қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасымен келісілген. Қазір біз әзірлеу сатысында тұрамыз, жоба сараптамадан өткеннен кейін жобалық-сметалық құжаттаманы жасаймыз, одан кейін осы жобаның сомасы белгілі болады", - деді ол.

Жобаны әзірлеумен қазақстандық мамандармен бірлесіп ұлыбританиялық сәулетші Асиф Хан айналысты.

Оның айтуынша, жаңа көрермендер залын өзгертуге болады. Бұл оны түрлі мәдени сценарийлерге, заманауи көрмелерге, қойылымдарға, спектакльдерге пайдалануға мүмкіндік береді. Ескі ғимараттың стилін сақтауға, сонымен қатар, қазіргі заман рухына сай болуға ерекше назар аударылған. 

Алдыңғы бөлік 45 градустық еңіс болғандықтан күндіз аспан бейнеленеді.

Ғимаратта білім беру аймағы қарастырылады: воркшоптарға, мастер-класстарға, лекцияларға арналған орындар болады. Бірінші қабатта кинозал, дәрістер мен көрмелер өткізу үшін 110 орындық қосымша көрермендер залы, сондай-ақ кітап дүкені орналасқан.

"Ғимарат апатты жағдайда тұр, бізге осы ғимаратты бұзу ұсынылды. Нормалар 1964 жылдан бастап үш есе қатаңдатылды. Сондықтан біз қауіпсіз кеңістік болу үшін жаңа конструктивтік шешімдер жасауға жүгінуіміз керек. Оңтүстік жағы көркейтіліп, жаяу аймақ, көлік қоятын орын болады", - деді Джамиля Нұрқалиева.

Жалпы құрылыс жұмысы 2022 жылы аяқталады деп жоспарланған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети