28 желтоқсан 2022 | 15:30

Алматыдағы тұмша видеоға түсірілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/kris__p__almaty Фото:instagram.com/kris__p__almaty

Желтоқсанның аяғында Алматыда қою қара тұмша байқалды. Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары мегаполистің кей жерлеріндегі ауаның айырмашылығын көрсететін кадрларды бөлісіп жатыр - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Желтоқсанның аяғында Алматыда қою қара тұмша байқалды. Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары мегаполистің кей жерлеріндегі ауаның айырмашылығын көрсететін кадрларды бөлісіп жатыр - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instargam-дағы пабликтардың бірінде белгісіз автор тау етегі мен қаланың төменгі бөлігінде тұратын тұрғындар немен тыныстап жүргенін көрсететін видео жариялады. Кадрлардан Алматының жоғарғы бөлігінде ауа салыстырмалы түрде таза, ал төменгі бөлігінде тұмша және ластанғанын көруге болады.

Көк-Төбеде түсірілген тағы бір видеодан да бүкіл қаланы қою қара тұмша басқанын көруге болады.

"Жексенбіде ұшақ қонуға төмендегенде мынадай картинаны "тамашаладым". Өте қорқынышты көрініс", - деп жазады қолданушылардың бірі.

Алматы қаласы Экология департаменті мәліметі бойынша, қазіргі уақытта ластаушы СО (көміртек оксиді) көбейгені байқалады. Мұндай деректер Бостандық ауданындағы №1, Тастақ шағынауданындағы №26, Алатау ауданындағы №3 және т.б. посттарда тіркелген.

"Алматыдағы ауаны ластайтын негізгі көздер - автокөліктер, энергетика және газдандырылмаған жеке сектор. Сонымен қатар, Алматыда жел сирек соғатыны және орналасуының өзі тұмшаға әсер етеді", - деді ведомство өкілдері.

Экология департаменті мәліметінше, олар қалалық әкімдік пен мәслихатқа бірнеше рет хат жолдаған.

"Біз газдандырылған аумақтарда қатты отынды пайдалануға тыйым салатын арнайы экологиялық ережелерді әзірлеуді сұрадық, соған қарамастан, қаланың барлық бөлігінде қатты отын (ағаш, көмір, пластмасса, резеңке және т.б.) үй, монша жағу үшін пайдаланылады", - деді ведомство өкілдері.

"Қазгидромет" РМК таратқан ақпаратқа сәйкес, Экология департаменті қаладағы атмосфералық ауаны күн сайын бақылап отырады. Өз кезегінде Қазгидромет ластануды бақылау бекеттері арқылы атмосфералық ауаға талдау жасайды. Алматы қаласының аумағында Қазгидрометтен атмосфералық ауаның ластануын бақылайтын 16 бекет орнатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети