20 ақпан 2024 | 09:26

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде пәтер өртенді

Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде пәтер өртеніп, өртсөндірушілер екі адамды аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде пәтер өртеніп, өртсөндірушілер екі адамды аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.

20 ақпанда түнгі сағат 01:51-де Алматы ТЖД күштері мен құралдары Бостандық ауданы Өтепов көшесі, 20-үй бойынша жоғары шақырту дәрежесі бойынша жіберілген.

"МӨСБ-1 алғашқы есептері: 4 минутта жеткен сәтте, 13-қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында пәтердің отқа оранғаны туралы баяндады. Баспалдақтарда қатты түтін пайда болып азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп туындады. Дереу газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары тұрғын үй кешенінің тұрғындарын эвакуациялау және құтқару бойынша жұмысты бастап, ТЖД күштерімен өртке қарсы қақпақшалар арқылы 2 адам құтқарылып, 15 азамат эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ауа райын ескере отырып, оқиға орнында эвакуацияланған тұрғындарды жылыту бойынша жұмыс ұйымдастырылғаны айтылды.

"Өрт 02:39-да жойылды. Құрбандар болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қабылданған шаралар арқылы көрші пәтерлер өрттен қорғалды. Өртті жоюға ТЖД жеке құрамынан 35 адам, 11 техника және қаланың шұғыл өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная