Алматыда тұрғын үй кешенінің дәл жанынан медициналық орталық салынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.
Алматыда тұрғын үй кешенінің дәл жанынан медициналық орталық салынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.
Тұрғын үй кешенінің наразы тұрғындары құрылысты тоқтатуды талап етіп, жиналысқа келді. Олардың айтуынша, жаңа ғимарат көпқабатты үйлерге тым жақын салынып жатыр. Жекеменшік иесі жергілікті жерді өз еркімен басып алған дейді қала тұрғындары.
"Шу, гүрілден бірден оянамыз. Экскаваторлар жұмыс істейді. КамАЗдар келеді. Әрбір бір жарым метр сайын әр жерде көліктер жүр. Шығатын есік жоқ", - дейді тұрғын Ғалия Карханова.
Тұрғындар инженерлік желілер мұндай жүктемеге шыдамайды деп қауіптенеді. Өйткені, тұрғын үй кешені 24 қабаттан тұрады.
"Бұл салынып жатқан ғимарат коммуникацияға, электр жарығына қосылады. Сосын болашақта су тапшылығын тудырады деп қорқамыз. Төрт қабатты медициналық орталықты тұрғын үйлерге жақын салуға кім рұқсат етті? Құрылыс ережесіне сай ғимараттар ара-қашықтығы 15 метр болуы керек. Олар шұңқыр қазып, іргетасын құйып, үйіміздің іргетасына қауіп төндіріп жатыр", - деді Мәдина Омашева.
Аулада балалар алаңы мен көліктер тұрағы болмағанымен, іргелес аумақ жекеменшік иесінің қолында болғанына тұрғындар наразы.
"Бізге түскен бас жоспарға сәйкес, бұл учаскелер тұрғын үй кешенінің ортақ аумағына тиесілі болатын. Қазір бұл учаскелер алынып тасталды, құрылыс жүріп жатыр. Автотұрақ жоқ деген тұрғындар наразы. Бізде орталықта бір аллея ғана және міне, екінші шағын апатты шығу жолы бар. Төтенше жағдайда көліктер және адамдардың өздері шыға алмайды", - деді "Восточка" тұрғын үй кешенінің басқарушы компаниясының директоры Арыстан Рсаев.
Тұрғындар жиналысына келген әкімдік өкілі құрылысқа ешкім рұқсат бермегенін айтты. Оның айтуынша, нысанның құрылысы тоқтатылады, құрылыс салушыларға айыппұл салынады.
Жанжалдан кейін құрылысшылар аумақты тастап кеткен. Кейін оны ретке келтіру үшін орынға мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының өкілдері келді. Бірақ жекеменшік иесі ғимараттың құрылысы туралы хабардар етті ме, жоқ па, оны білу мүмкін болмады. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау қызметкерлері сұрақтарға жауап бергісі келмеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!