Алматыда елу үлескер құрылыс компаниясы кеңсесінің алдына жиналды. Олар ақшаны қайтаруды талап етті. Тұрғындар компания басшылары ақшаны алып қашып кетеді деп қорқады. Алматылықтар қалаған пәтерлерінің кілтін осы жылдың соңында алуы керек еді. Алайда бүгінгі күнге дейін бірде-бір үй салынбаған. Өз кезегінде компания өкілдері ешқайда қашуға ниеттері жоқ екенін айтып, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге уәде беріп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ktk.kz арнасына сілтеме жасап.

Алматыдағы құрылыс компаниясының кеңсесінің алдына үлескерлер жиналды. Қолдарында құжаттары бар елу үлескер ақшасын қайтару үшін осында келген. Бұған құрылыс алаңындағы ұзақ үзіліс себеп болып отыр. Тұрғындар сегіз айдан бері бұл жерде жұмыс жасалмағанын айтады.
"Желтоқсан айынан бері құрылыс барысын қадағалап жатырмыз. Құрылыс тоқтап қалған. Одан кейін сәуір айында келісімшартты бұздым, соған сәйкес компания ақшаны маған қайтаруы керек еді. Қазір тамыз айы. Төрт ай өтті. Әлі күнге дейін ақшамды ала алмай жүрмін", - дейді Айымгүл Нысанбаева.
Үлескерлердің айтуынша, құрылыс салушының қарызы 100 миллион теңгеден асады. Олар компания басшылары ақшамен қашып құтылады. Сондықтан оларды тез арада тоқтату керек. Жұрт бұрынғы блогер, қазіргі депутат Дәулет Мұқаев қатысқан жарнамадан кейін бұл пәтерлерге ақша салуға шешім қабылдаған.
"Дәулет Мұқаев дәл осы құрылыс салушыны таңдауыма себеп болды. Ол депутат болғанға дейін қоғамдық пікірдің көшбасшысы болды. Ол халыққа қаржылық сауатты болу жолын түсіндірді. Халыққа тиімді бағдарламалар бойынша баспана алуға көмектесті. Сондықтан мен сендім оның жарнамасына", - деді Қуат Керімбеков.
Компания ешкімді алдамайтынын айтып отыр. Кейбір рұқсат құжаттары болмағандықтан құрылыс тоқтатылды. Қазір олар бұл мәселені шешуге тырысып жатыр.
"Иә, үйді желтоқсан айында тапсырамыз деп айттық. Бірақ жобамызда өзгерістер болды. Алғашында сәулет-жоспарлау тапсырмамыз бойынша үш қабатты салу жоспарланған болатын. Енді бес қабатты салғымыз келді. Пәтер алғысы келмейтіндердің ақшасы толығымен қайтарылады. Біз 25 қыркүйекке дейін барлық қарызымызды өтейміз, уәде береміз", - деді Max Bet PV2 құрылыс компаниясының директоры Берік Нұрмағамбетов.
Бірақ үлескерлер компания директорының сөзіне сенбейді. Ал ақшаны қайтару үшін халық құқық қорғау органдарына арыз жазуды көздеп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!