Алматыдағы университте студент қыздардың жеке деректері тарап кетті: министр пікірі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы университте студент қыздардың жеке деректері тарап кетті: министр пікірі фото:depositphotos.com

Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде студент қыздардың жеке деректері тарап кетті. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек оқиғаға қатысты пікір берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде студент қыздардың жеке деректері тарап кетті. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек оқиғаға қатысты пікір берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"WhatsApp желісіндегі 190 адамнан тұратын старосталар тобында студент қыздардың тізімі бар 4 құжат жіберілген (1-курстан 4-курсқа дейін). Қызыл түспен белгіленгендер флюорографиядан өтуі керек екен. Қарапайым тізім болса не керек, онда қыздардың толық аты-жөнінен басқа олардың ЖСН, ұялы телефондары және медициналық деректері болған. Сондай-ақ, олардың қайсы вирго (гинекологиялық тілмен айтқанда - пәк), қайсы вирго емес екені туралы ақпарат бар. Құжаттар топтарға, факультеттерге және т.б. чаттарға тарап кеткен. Бәлкім, оны бүкіл университет көрген шығар", - делінген жазба Qumash Telegram-арнасында пайда болды.

t.me/qumash_kz

Министр Саясат Нұрбек журналистерге оқиғадан хабардар екенін айтты.

"Жеке деректерді, әсіресе медициналық сипаттағы деректерді беру, әрине, заңды бұзу болып табылады. Біз бұл мәселені бақылауға алдық, өйткені бұл жерде тікелей заңбұзушылық бар. Кінәлілер қолданыстағы заңнама бойынша жазаланады. Бұл туралы заң бар. Жеке деректерді қорғау туралы заң бар. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық болуы мүмкін.

Сірә, бұл жеке деректерге немқұрайлы қарау. Бұл мәселені қатаң реттеу керек. Жалпы, бұл мәдени мәселе. Тіпті жеке куәлікті де мессенджер арқылы жібереміз", - деді Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети