Әкімдік үш жаңа метро желісі қандай болатынын және олардың қайдан өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкімдік үш жаңа метро желісі қандай болатынын және олардың қайдан өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
25 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткізген кеңесте оған Алматының көлік жүйесін дамыту жоспарлары, оның ішінде метрополитен мен жаңа желілерді одан әрі дамыту жоспарлары ұсынылды. Редакция қалалық әкімдіктен үш жаңа метро желісінің қандай болатыны және қайдан өтетіні туралы ақпарат сұрады.
Ұзындығы 12,8 шақырым болатын шығыс желі Жібек жолы станциясынан басталады. Ол арақашықтығы шамамен 1,7 шақырым болатын 8 станцияны қамтиды. Бұл желі Гоголь көшесінің бойымен шығысқа қарай Орталық мәдениет және демалыс саябағы арқылы ҮАААЖ-ға дейін, содан кейін Құлжа тасжолы бойымен солтүстік-шығыс бағытта әуежайға қарай өтеді. Аралық станциялардың бірі ҮАААЖ-ден Құлжа тасжолына өту аймағындағы "Шығыс" көлік торабы болады.
Солтүстік бағыттағы үшінші метро желісі Сайран станциясынан басталады. Оның ұзындығы 16,4 шақырымды құрайды және оған 15 станция кіреді. "Сайраннан" солтүстік бағыттағы желі Брусиловский көшесінің бойымен, одан әрі Солтүстік айналма тасжолымен (көтерме-бөлшек сауда базарлары арқылы) және шығыс бағытта М.Жұмабаев көшесімен "Көкмайса", "Қарасу", "Айнабұлақ" шағынаудандары арқылы Хмельницкий көшесіне дейін өтеді.
Жер үсті метросының тағы бір желісі Солтүстік басқарудағы "Алматы-2" станциясынан Сүйінбай көшесі бойымен "Алматы-1" вокзалына дейін созылады. Желінің ұзындығы - 8,5 километр. Жобалау кезінде станциялардың саны мен орны анықталады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысына ұсынылған сызбада желілерді әзірлеу мерзімі 2030 жылға дейін белгіленген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!