Алматыдағы ұшақ апаты: аман қалғандардың жағдайы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы ұшақ апаты: аман қалғандардың жағдайы айтылды Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Дәрігерлер Алматыда АН-26 әскери ұшағының апатынан аман қалғандардың денсаулық жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Алматыда АН-26 әскери ұшағының апатынан аман қалғандардың денсаулық жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта дәрігерлер ұшақ апатынан зардап шеккен екі адамның өмірі үшін күресіп жатыр. Науқастар №4 Қалалық клиникалық аурухананың анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр.

"Ұшақ апатынан зардап шеккен екі адамның жағдайы өте ауыр болды. Екеуіне де стационар мен ведомство медицина қызметі мамандары қалалық консилиум өткізді. Ем шаралары анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жүргізіледі. 15 наурыздағы жағдай бойынша олардың жағдайы әлі де ауыр", - деді №4 ҚКА политравма бөлімшесінің меңгерушісі Дәурен Түсіпов.

Бұған дейін зардап шеккендердің біреуінің денесін 50 пайыз, екіншісінің денесін 30 пайыз күйік шалғаны хабарланған еді. Ауруханаға жатқызылғаннан кейін білікті мамандар, бас реаниматолог жұмылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Айта кетейік, 13 наурызда Алматы әуежайының маңында ұшақ құлағаны хабарланған еді. Кейін ҰҚК авиациялық қызметіне тиесілі АН-26 екені анықталды. Апатқа ұшыраған әуе кемесінде ҰҚК-нің алты қызметкері болған. Апат салдарынан олардың төртеуі қаза тапты: майор Ғабит Барлықбаев (36 жас), капитан Досжан Баймұратов (35 жас), сержант Евгений Васильков (35 жас) және аға лейтенант Мұхтар Сағынбаев (26 жас).

ілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети