Алматыда Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы велотректе екі жылда екінші рет қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онда соңғы рет 2019 жылдың мамырында жөндеу жұмыстары жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы велотректе екі жылда екінші рет қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онда соңғы рет 2019 жылдың мамырында жөндеу жұмыстары жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматылық белсенді Сәкен Жүсіпбеков Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы велотректе түсірілген видеосын жариялады. Кадрлардан бұзылған велосипед жолын көруге болады. Ондағы орындықтар да алып тасталған. Белсенді велотрек жақында әкімдік қолдауымен жөнделетінін айтты.
Айта кетейік, 2019 жылдың мамырында қалалық билік велотректе қайта құру жұмыстары аяқталғанын хабарлаған болатын. Нысанды қаланың бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек пен Ахметжан Есімов ашқан еді. Қайта құру Samruk-Kazyna Trust қорының демеуімен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүргізілген.
Алматы қаласының Спорт басқармасы 2017 жылы нысанды жеке серіктеске тапсыру кезінде жолдың бетон жабыны нашар жағдайда болғанын хабарлады. Қайта құру жұмыстары кезінде жол жөнделді. Бірақ жолды жөндеу технологиясында қателіктер жіберілген. Велотректі қайта құрудағы әкімдік серіктесі - Túzý jol ҚБ.
"Жабында жарықтар пайда болуына байланысты топырақ негізіне талдау жүргізу туралы шешім қабылданды (тереңдігі 3-4 метр). Нәтижелер жабынды төсеу кезінде технологияның бұзылғанын көрсетті, бұл сапаға әсер еткен және оны одан әрі пайдалануға жарамсыз болып қалды. Қазіргі уақытта жоба жоспарына сәйкес велотректі және оның іргелес аумағын қалпына келтіру жұмыстарының келесі кезеңдеріне бөлшектеу және дайындау жүргізіліп жатыр", - деді Túzý jol қоғамдық бірлестігінің өкілі.
Компания велотректі жаңарту қазіргі заманғы талаптар мен қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жүргізілетініне уәде берді. Барлық жұмыстар тартылған демеушілік қаражат есебінен жүргізіледі. Жобаны аяқтау 2021 жылдың соңына жоспарланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!