Алматыдағы заңсыз кондукторлар мәселесі үкіметте талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы заңсыз кондукторлар мәселесі үкіметте талқыланды Иллюстрациялық сурет. © Тұрар Қазанғапов

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Алматы автобустарындағы заңсыз жұмыс істейтін кондукторлар жағдайын жеке бақылауына алатынын мәлімдеді. Министр бұл мәселенің үкімет деңгейінде көтерілгенін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Алматы автобустарындағы заңсыз жұмыс істейтін кондукторлар жағдайын жеке бақылауына алатынын мәлімдеді. Министр бұл мәселенің үкімет деңгейінде көтерілгенін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Кондукторлардың еңбек келісімшарты бойынша, бүгін бұл мәселені үкімет отырысында қарастырдық. Сауалнама жүргізген кезде олар расымен кондуктор болып істейтінін, ал еңбекақысын қолмақол алатындарын айтты. Ешқандай әлеуметтік төлемдерге салым салынбайды. Бұл мәселені мен жеке бақылауыма аламын. Алайда кез келген ұйымды тексеру үшін азаматтардың өздері шағымдану қажет", - дейді Дүйсенова үкімет отырысында. 

Министрдің сөзінше, келісімшартқа қол қоймаған жұмыс берушілер оларды бірінші кезекте әлеуметтік кепілден айырып отыр. Бұл жұмыстан шығып қалған жағдайдағы төленетін жәрдемақы, декреттік төлемдерге қатысты. Қыздар төрт ай декреттік төлем ретінде еңбекақы және жыл бойы еңбекақысының 40 пайызын баланы күту бойынша жәрдемақы ретінде ала алады.

"Еңбек инспекциясымен бірге жұмыс берушілерге қайта түсіндіру қажет болды. Еңбек келісімне қол қоймау әкімшілік айыппұлдарға, тіпті қылмыстық жауапкершілікке себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты олар кондукторлармен келісімшартқа отырып, еңбекақы төлеуі керек немесе олар троллейбус пен трамвайлардағы жұмысты басқаша түсінетінін айту керек", - деп аяқтады министр. 

Еске салайық, мұның алдында Алматы мәслихатының депутаты Роза Бадаева қаладағы кондукторлардың дөрекілігіне шағымданып, автопарктерде "уақытша табысты көздейтін кездейсоқ адамдар" жұмыс істейді деп болжаған. Депутат барлық кондукторлар жолаушыларға қызмет көрсету курстарынан өтіп, жұмысы ретінде заң жүзінде тіркелу керектігін айтқан. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети