Алматыдан 122 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан 122 шақырым қашықтықта жер сілкінді Скриншот\ Яндекс карта

Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 122 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 122 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жерасты дүмпулері ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі арқылы 3 наурызда Астана уақытымен 11:05-те тіркелген.

"Эпицентр Алматыдан 122 шақырым оңтүстік-батыста, Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,9. Магнитудасы MPV – 4,3", – делінген хабарламада.

ТЖМ Қазақстанда жерасты дүмпулері сезілмегенін мәлімдеді.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Ала-Баш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 шақырым жерде болған.

Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқындылығы: Ала-Баш және Туура-Суу ауылдарында – 2,5 балл.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course up  588.2  course up  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети