Алматыдан 130 шақырым қашықтықта жер сілкінді

16 Наурыз 2014, 15:48
0
Алматыдан 130 шақырым қашықтықта жер сілкінді - ©REUTERS
©REUTERS
Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 130 шақырым жерде магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "ҚР БҒМ СТӘЭ" ММ сейсмикалық станциясының желісіне сілтеме жасап.

Жер асты дүмпуі 16 наурыз күні 11.32-де байқалған. Эпицентрі - Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 130 шақырым қашықтықта, яғни Қырғызстан территориясында орналасқан. Жер сілкінісінің дүмпуі 15 км тереңдікке дейін жеткен. Опат болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін 14 наурыз күні магнитудасы 3,9 болатын жер сілкінісі Алматыдан 365 км қашықтықта Қытай аумағында тіркелген болатын.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай