Алматыдан 178 шақырымда жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан 178 шақырымда жер сілкінді Скриншот\ Яндекс карта

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, "СБЗҰҒО" ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісі 31 наурызда Астана уақытымен сағат 12:25-те жер сілкінісін тіркеген.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 178 шақырым қашықтықта орналасқан", – делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында жер асты дүмпулері сезілген жоқ.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, магнитудасы 4,0 болатын жер сілкінісінің эпицентрі Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай 52 шақырым қашықтықта орналасқан.

Қырғызстанның елді мекендеріндегі жер сілкінісінің қарқындылығы:

  • Қарағай-Бұлақ ауылы – 3,5 балл,
  • Бішкек – 2,5 балл.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети