Сейсмологтар Алматыдан 195 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық деректер орталығы мәліметінше, 14 қазанда Астана уақытымен сағат 12:17-де Қырғызстан аумағында магнитудасы 4,0 болатын жер сілкінісі болды.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) деректері бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі - Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай 24 шақырым және Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 195 шақырым жерде.
Қырғызстан Ұлттық ғылымдар академиясының Сейсмология институты мәліметінше, елді мекендерде жер сілкінісінің күші шамамен 2,5 балл болған.
Еске салайық, 6 қазанға қараған түні Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі тіркелген болатын. Сейсмологтар мәліметінше, жер сілкінісінің қарқындылығы екіден төрт балға дейін жеткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!