02 мамыр 2015 14:23

Алматыдан 450 шақырымда магнитудасы 4,8-ге тең жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@REUTERS @REUTERS

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 450 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,8-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері 2 мамыр күні Алматы уақыты бойынша 11.47-де тіркелді. Жерасты дүмпулерінің ошағы 5 шақырым тереңдіктен анықталды. Оның энергетикалық класы - 10,9. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет жоқ.

Осыған дейін Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 292 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,4-ке тең жер сілкінісінің болғаны хабарланған еді. Жерасты дүмпулері 10 сәуір күні Астана уақыты бойынша 10.47-де тіркелді. Зілзала эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 292 шақырымда, Қытай территориясында орналасты. Жерасты дүмпулерінің ошағы 15 шақырым тереңдіктен анықталды. Оның энергетикалық класы - 9,9. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети