Алматыдан 97 шақырым жерде магнитудасы 4,6-ға тең жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жер сілкінісі Астана уақыты бойынша сағат 8.02-де тіркелді. Эпицентрі Алматыдан 97 шақырым жерде оңтүстік-шығыста Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған.
"Энергетикалық классы - 9,7. Тербелістің магнитудасы - 4.6. Жерасты дүмпулері 15 шақырым тереңдікте болды. Жер сілкінісінің қалай тербелгені жайлы мәлімет жоқ", - деп хабарлады Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының өкілдері.