Алматыдан Бішкекке дейінгі тасжол қашан аяқталатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан Бішкекке дейінгі тасжол қашан аяқталатыны белгілі болды Фото: ҚР Көлік министрлігі

Ұзынағаш-Отар тасжолының ең проблемалы учаскелерінің бірінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Учаскені ІІ-ден I техникалық санатқа ауыстыру көзделген. Аталған жобаны қаржыландыру Дүниежүзілік банк арқылы жүзеге асырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұзынағаш-Отар тасжолының ең проблемалы учаскелерінің бірінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Учаскені ІІ-ден I техникалық санатқа ауыстыру көзделген. Аталған жобаны қаржыландыру Дүниежүзілік банк арқылы жүзеге асырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік министрлігі мәліметінше, 101 шақырымнан бастап Жамбыл облысының шекарасына дейінгі аралықтағы ұзындығы 11 шақырым болатын учаскеде негіздің жоғарғы қабатын және жабынның төменгі қабатын төсеу бойынша жұмыстар аяқталды. Қазіргі уақытта Ақтерек ауылы мен Жамбыл облысының шекарасы арасындағы учаскеде жаңа жабынмен қозғалыс қамтамасыз етілген.

"Аталған учаскенің бойындағы жолда жол таңбалары орнатылып, бір көпір салынды. Бұл көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етпек.

Жоба аясында жалпы екі көпір мен 55 су өткізгіш құбырды орнату көзделген. Қазір бір көпір салынып, 35 су өткізгіш құбыр орнатылды. Аталған бағытта жұмыстар жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Ұзынағаш – Отар автомобиль жолы еліміздің ең ірі мегаполисі – Алматы қаласын оңтүстік өңірлермен, сондай-ақ, Өзбекстан мен Қырғызстан сияқты көрші мемлекеттермен жалғайды.

Сонымен қатар, Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің бөлігі бола отырып, Қазақстанның көлік жүйесінің маңызды буыны болып табылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети