Алматыдан жерді жалға алғаны үшін АҚШ Қазақстанға қанша төлейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан жерді жалға алғаны үшін АҚШ Қазақстанға қанша төлейді? Фото:depositphotos.com

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннен АҚШ Алматыда жаңа консулдық салу үшін жалға алған жерге қанша төлейтіні сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннен АҚШ Алматыда жаңа консулдық салу үшін жалға алған жерге қанша төлейтіні сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СІМ өкілінің айтуынша, АҚШ қазақстандық тарапқа жалға алу ақысы ретінде 25 301 016 доллар төлейді. Жалға беру мерзімі 49 жыл.

"Егер қосымша шешімдер қабылданбаса, бұл мерзім әр 49 жыл сайын ұзартылып отырады. Төлем бір реттік тәртіппен жасалады", – деді Ақан Рахметуллин Мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, бұл қаражат заңнамалық түзетулер күшіне енгеннен кейін 30 күн ішінде бірден аударылады.

Бүгін Мәжіліс депутаттары АҚШ-пен Алматыда консулдық салу үшін жер телімін беру туралы келісімді ратификациялады. АҚШ 70 593 шаршы метр жерді 49 жылға жалға алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети