Алматыдан үй, BMW алған: ҚМА бюджет қаражатын жымқырды деген күдіктілерді ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті "Еңбек" РММ филиалының бұрынғы басшыларына қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті "Еңбек" РММ филиалының бұрынғы басшыларына қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021-2023 жылдары РММ және оның аймақтық филиалы "бір көзден сатып алу" әдісімен киім және аяқ киім өндірісіне арналған былғары және трикотаж шикізатын жеткізуге 23 келісім шарт жасаған.

"Алайда тауарлар жеткізілмеген, 449 миллион теңге бюджет қаражаты ұрланған", - деп жазылған хабарламада.

Ұрланған ақшаны заңдастыру мақсатында күдіктілер кәсіби ақша жылыстатушының қызметін пайдаланған. Ол ақшаны бөліп, өзінің бақылауындағы 4 жеке кәсіпкердің атынан киім және аяқ киім тігуге арналған тауар жеткізу туралы жалған келісімдер жасаған. Бұл келісімдер мен төлем құжаттары негізінде 122 миллион теңге қаражат қолма қол ақшаға айналған.

ҚМА мәліметінше, қолды болған ақшаға Алматы қаласынан жеке үй мен BMW X6 көлігі сатып алынған, олар сенімді тұлғаларға ресімделген.

"Бұл мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды. Күдіктілер 2 айға қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети