Алматыға 100 миллион теңгенің экологиялық таза өнімдері келе жатыр

14 Мамыр 2015, 14:03
0
Алматыға 100 миллион теңгенің экологиялық таза өнімдері келе жатыр - © prodobavki.com
© prodobavki.com

Алматыға 100 миллион теңгенің экологиялық таза өнімдері келе жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл өнімдер алматылықтарға 16 мамырда өтетін Оңтүстік Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде ұсынылады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, алматылықтарға 45-тен аса азық-түлік және ауыл шаруашылық өнімі ұсынылады, жәрмеңкеге қойылатын өнімдер: ет,сүт, жеміс және көкөніс, шұжық өнімдері, ұн және жарма, өсімдік майлары және басқа да қажетті өнімдер. Жәрмеңкеге қойылатын өнімдердің бағасы базардағыдан 15-20 пайызға төмен.

"Қала тұрғындары мен қонақтарына 56 тонна ет, 5 тонна сүт, 75 тонна көкөніс, жеміс, жалпы сомасы 100 миллион теңгенің ауыл шаруашылық және азық-түлік өнімдері ұсынылады. Ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне ОҚО-ның 14 ауданы мен Шымкент және Түркістан қаласының фермерлері қатысады, олар мегаполиске 202 тонна экологиялық таза және сапалы өнім әкеледі", - делінген хабарламада.

Жәрмеңке "Астана" алаңында (Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысы) сағат 08.30-дан 15.30-ға дейін болады. Айта кетейік, жәрмеңке кезінде Төле би көшесінің бойымен Абылайхан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысына шектеу қойылады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай