Бүгін, 12 шілдеде Алматы-2 теміржол вокзалына Арыстан келетін 75 оқушының алғашқы легі келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Балаларды анниматорлар, цирк артисі Мұрат Мұтұрғанов отбасымен және колледж студенттері "Арыс, Біз біргеміз!" флэшмобымен қарсы алды.

Көңілді көріністер мен сыйлықтардан соң балалар демалу және күш жинау үшін "Өрнек" жазғы лагеріне жіберілді.
Алматы қаласы Оқушылар сарайының "Өрнек" сауықтыру лагерінде балалар 12 шілде мен 3 тамыз аралығында болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Биыл 23 шілдеде Арыстан келетін тағы 75 оқушының екінші легі келеді. Олар да "Өрнек" лагерінде демалатын болады.