2019 жылы бастапқы үш айда Алматыдағы шетелдік туристердің саны 8 пайызға артты. Бұл туралы Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Мақсат Кикимов Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
2019 жылы бастапқы үш айда Алматыдағы шетелдік туристердің саны 8 пайызға артты. Бұл туралы Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Мақсат Кикимов Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"Достар, сіздермен жағымды жаңалықпен бөліскім келеді! Бұл біз үшін тамаша көрсеткіш, себебі жыл басы дәстүрлі түрде Алматы бойынша саяхаттау үшін ең танымал емес уақыт болып саналады. Дегенмен, 116 мың шетелдік турист біздің қалаға әуежай арқылы келді! Ол үшін біз Алматыда болып жатқан түрлі форматтағы және ауқымдағы оқиғалар мен іс-шаралар туралы пайдалы және қызықты ақпаратпен үнемі бөлісеміз. Бүгінгі visitalmaty сайтының және Trip Advisor платформасындағы біздің қолданушылар-ертең әлеуетті туристіміз болып табылады", - деп жазды қалалық туризм басқармасының басшысы.
Сонымен қатар диджитал маркетинг ғажайыптар жасап жатқанын мәлімдеді: "Сайтқа кіру 2018 жылы 9,4 мыңнан 251 мыңға дейін 27 есе өсті, пайдаланушылар саны 3,7 мыңнан 123 мыңға дейін 33 есе өсті. TripAdvisor платформасына кіру 2 есеге өсті. Бірінші тоқсанда 10 жиынтыққа бөлінген оқиғалар күнтізбесі жасалды, олардың арасында Наурыз мерекесіне арналған іс-шараларды қамтитын «Көктем мерекесі» жиынтығы. Бұл іс-шаралар топтамасы visitalmaty сайтында, Trip Advisor платформасында және әлеуметтік желілерде белсенді түрде жарнамаланды. Нәтижесінде, осының барлығы шетелдік туристердің 8 пайызға өсуіне әсер етті".
"Мен қаламызды жақсы көремін және осындай көрсеткіштерге шын жүректен қуаныштымын. Гүлдене бер, елім менің! Ал сіз Алматыны не үшін жақсы көресіз? Пікірлеріңізбен бөлісіңіздер", - деп түсіндеді ол.