06 сәуір 2020 | 18:05

Алматыға кіріп-шығуға рұқсат етілгендердің тізімі өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Алихан Сариев Сурет: Алихан Сариев

Алматыға кіруге және қаладан шығуға рұқсат етілген адамдардың тізімі кеңейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімшілігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыға кіруге және қаладан шығуға рұқсат етілген адамдардың тізімі кеңейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімшілігіне сілтеме жасап.

"Алматы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб емделуге жіберілген және денсаулық жағдайы бойынша өз бетінше жүріп-тұруға мүмкіндігі жоқ азаматтармен бірге келетін адамға қалаға кіру немесе шығуға рұқсат беру туралы шешім қабылдады. Медициналық мекеменің жазбаша жолдамасымен, бір автомобильде бір ғана адам науқаспен еріп жүруіне рұқсат етіледі. Бұл шаралар созылмалы ауруларды емдеу, жоспарлы операциялар жүргізу бойынша уақытылы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыға арнайы шақырту бойынша ҚР басқа өңірлерінің құқық қорғау және арнайы органдарының (ҰҚКД, Прокуратура, ЭТД, МКД, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі, ЖКҰБ, ҚР МҚК, ЖП, Ұлттық гвардия, ҚМ, ТЖД) қызметкерлері мен көлігіне ғана кіруге және қаладан шығуға рұқсат етілген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети