07 желтоқсан 2019 | 10:29

Алматыға оңалтуға барған 14 жастағы оқушы жүкті болып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде үш оқушы қыз жүкті болып қалған. Бұл туралы мектептердің инспекторлары, мұғалімдер мен директорларының таяуда өткен жиналысында белгілі болды, - деп хабарлайды "Ақтөбе Таймс".


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде үш оқушы қыз жүкті болып қалған. Бұл туралы мектептердің инспекторлары, мұғалімдер мен директорларының таяуда өткен жиналысында белгілі болды, - деп хабарлайды "Ақтөбе Таймс".

Үш қыз үш түрлі мектепте оқиды. "Нұр Отан" партиясына қарасты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдық кеңесінің төрағасы Мария Тәжібаева сол мектептердің директорларына үн қатты. 

"Сіздер оқушылармен сөйлесіп тұрасыздар ма, әлде кабинеттеріңізден шықпай табжылмай отыра бересіздер ме? Бұрынғы кездері біз мектеп директорларына кез келген мәселемен шыға беруші едік. Мектеп директоры барлығын білуі керек", - дейді Мария Тәжібаева. 

Қалалық әкімдік өкілдері жүкті болған қыздардың зорлық құрбаны еместігін айтады: "Оқушылардың біреуі, 14 жастағы мүмкіндігі шектеулі қыз анасымен Алматыға оңалтуға барған. Онда ол бір жігітпен танысқан, Ақтөбеге қайтқанда жүкті болғанын білген. Анасы да оны жүкті екенін білмеген".

"Бірінші кезекте осы қыздардың отбасымен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жасөспірімдердің ата-анасы өзара сөйлесіп, келісіп жатады. Мектеп қабырғасында жүріп, жүкті болған жағдайда ата-ананың өз міндетін дұрыс атқармауы бойынша комиссия отырысы болады", - деді әкімдік өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети