Алматыға Pfizer вакцинасы қашан жеткізіледі?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыға Pfizer вакцинасы қашан жеткізіледі? Фото ©REUTERS

Алматыға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы шамамен қашан жеткізілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы шамамен қашан жеткізілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, америкалық вакцина Алматыға 20 қазаннан кейін жеткізіледі.

"Pfizer вакцинасын Қазақстанға биылғы жылдың IV тоқсанында жеткізу жоспарланған болатын. Алматыға 20 қазаннан кейін жеткізу жоспарланып отыр. Қала үшін әзірге 130-дан 160 мыңға дейінгі доза келеді деп күтіледі. Бірақ Алматы үшін қанша квота бөлінетіні нақтыланып жатыр", - деді Табынбаев.

Қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин Pfizer вакцинасын балалар да алуға болатынын айтты.

"Pfizer вакцинасы келгеннен кейін 306 мың оқушы мен студенттерді вакцинациялай аламыз. Бұл бізге иммундық қабатты арттыруға мүмкіндік беріп, аурудың төмендеуіне әсер етеді", - деді Бекшин.

Еске салайық, 10 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын Қазақстанға жеткізу жоспарлары туралы айтты. Оның сөзінше, мамырда 2 миллион доза жеткізілуі керек еді. Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тарапынан 12-18 жас аралығындағы балаларға салуға рұқсат беріліп отырған вакцина - Pfizer. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети