Алматылық 10 жастағы Софи Манасян америкалық Nickelodeon бағдарламасының балаларға арналған рейтінгі жоғары шоуына қатысып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Алматылық 10 жастағы Софи Манасян америкалық Nickelodeon бағдарламасының балаларға арналған рейтінгі жоғары шоуына қатысып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Софидің анасы Ольга Манасян қызының көп елдің арнасында көрсетілетін шоуға қатысып жатқанын және түсірілімнің Warner Brothers студиясында өтетінін айтты.
"Софи түсірілім алаңында бір апта болады. Бізге киностудияның маңынан қонақүй жалдап берді. Барлығы жоғары деңгейде. Софи - шоудың басты қатысушысы. Тілді жетік білмейтін біздер үшін бұл жайт таңғаларлық. Софи America’s got Talent бағдарламасының жүргізушісіне қай жақтан келгенін, туған тілі қазақ екенін жылулықпен айтқанда, барлығы таңырқай түсті. Себебі қызым берген тапсырманы мүлтіксіз орындап, рөлге шынайы түрде кірді. Қызым сахнада тұрған әр секундына қуанып жүр. Әрине себебі тек арманында болған мүмкін емес жайт бүгін шындыққа айналды", - дейді Ольга Манасян.
Бұдан бөлек, түсірілім алаңында Софиге арнайы жеке гример бөлмесі, жеке көмекшінің және жеке үлкен балмұздақ арбасы бөліп берілген. Әр түсірілім күні минут бойынша алдын ала жазылып, жоспарланып қойған.
"Кастингтің бірініші кезеңі өзің жайлы, өнерің жайлы, не істей алатының туралы видео жіберу керек болды. Instagramm-дағы оқырмандарымыздың арқасында ол кезеңнен кідірмей өттік. Кейін Софимен скайп арқылы сұхбат алды. Барлығына 4 ай кетті. Бірақ сол еңбегіміз бүгінде ақталып отыр. Себебі "Никелодеон" режиссері, "Никелодеон" гримеры, "Никелодеон" операторы барлығы қазақстандық кішкентай қыз үшін жұмыс істеп жатыр. Бұл сондай сөзбен жеткізе алмас қуаныш", - деді анасы.
Шоудың атауы мен оған қатысты басқа да қызық деректер телеарнаның шарты бойынша әзірше құпия.