Алматыдағы соғыс мүгедектеріне арналған аурухана 13 жылдан бері жөндеуден өтіп жатыр. Ауған ардагерлері, Чернобыль және Семей сынақтарынан зардап шеккендер аурухананы жөндеуді сұрап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Алматыдағы соғыс мүгедектеріне арналған аурухана 13 жылдан бері жөндеуден өтіп жатыр. Ауған ардагерлері, Чернобыль және Семей сынақтарынан зардап шеккендер аурухананы жөндеуді сұрап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Әуез Бейсенбаев 1986-1989 жылдар аралығында Ауғанстанда әскери борышын өтеген. Сонда жараланған, қазір оған және басқа да ардагерлерге оңалту қажет.
"Аурухана мәселесі тек маған қатысты емес, өйткені менің қол-аяғым бар, бірақ Ауғанстанда соғысқан көп адам, менің қаруластарым бар. Бізге қазір емдеу керек - I топ, ІІ топтағы мүгедектер, контузия алған адамдар. Жоспарлап, келеміз, бірақ орын жоқ. Сосын кейінге қалдырады", – дейді "Көк байрақ" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әуез Бейсенбаев.
Қазақстанда соғыс ардагерлеріне арналған екі ғана аурухана бар. Біреуі Астанада, екіншісі Алматыда, олар жыл сайын 4000 адамға дейін қабылдай алады. Олардың емделушілері Ұлы Отан соғысының қатысушылары, ауған жауынгерлері, Чернобыль және Семей полигонындағы сынақтар құрбандары. Елімізде тағы бір емхана бар, бірақ ол 2010 жылдан бері жөндеуге жабылған.
Ғимарат қазір қаңырап бос тұр, есік-терезесі қалмаған, төсеніштері қирап жатыр. Ал қабырғалары, едені мен төбесі жаңбыр мен қардан көгерген. Қайта қалпына келтіруге екі рет тендер жарияланды, бірақ екі рет жөндеу жұмыстары мердігерлерге байланысты кейінге қалдырылған.
Ауғанстан сарбаздарының кеңесі қалпына келтіру жұмыстарына биліктің госпиталь аумағын коттедж қалашық салуға бермек болғаны, бірақ оған рұқсат бермегені де кедергі болғанын айтады.
"2010 жылы Денсаулық сақтау министрлігі осы аумақта педагогикалық ұжымға арналған коттедж қалашық салуды жоспарлаған. Бірақ біз ашуланып, осы ауруханаға өз талаптарымызды қоя бастадық. Содан Астанадан үлкен құзырлы делегация келді. Содан Денсаулық сақтау министрлігі бұл жерге деген талаптарын сәл тоқтатты", – дейді Ауғанстан соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Абдушкуров.
Ардагерлер қараусыз қалған аурухана орналасқан жер жекенің қолына өтіп кете ме деп қауіптенеді. Денсаулық сақтау министрлігі бұл туралы пікір бере алмады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!