Алматылық атқыш Игорь Дужновтың ісіне қатысты сот отырысы өтті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев Фото Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Алматылық атқыш Игорь Дужновтың ісіне қатысты алдын ала сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық атқыш Игорь Дужновтың ісіне қатысты алдын ала сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Алматыда 55 жастағы алматылық Игорь Дужновдың соты өтті. Ол өткен жылдың қыркүйегінде Ақбұлақ мөлтекауданында аңшы мылтығымен үйді босатуды талап етіп келген бес адамды өлтірген болатын. Қаза болғандар арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа иесі мен куәгер бар. 

Бүгінде Дужновқа адам өлтірді және билік өкіліне күш қолданды деген айып тағылып отыр. Сот отырысында прокурор қылмыстық іс материалдарының жай жапсарын айтып, тергеу қорытындысын оқыды.

"Кезекті көшіру әрекеті кезінде сотталушы, сот орындаушысы мен полицияға кедергі жасау туралы шешім қабылдаған. Ол кісі өлтіруді алдын ала жоспарлап, аңшы мылтығын оқтап, сарайда жасырған. 

Сот орындаушылары келгенде Дужнов қақпасын екі сағат әдейі ашпаған. Кейін сот орындаушысы мен полицейлер үйдің аумағына кіріп, есікті жауып алған. Осы кезде Дужнов өз жоспарын іске асырған. Ол өзін көшіруге тырысып жүрген сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі, полицияны бір-бірлеп атқан", - деді прокурор.

Прокурор Игорь Дужнов сарайға кіріп, аңшы мылтығын алып шыққанын айтады.

"Дужнов сот орындаушысына, үйдің жаңа иесіне, полицияға қоршаудан шығуға бұйрық берген. Ол алдымен сот орындаушысын атып, кейін полицияға оқ жаудырған, кейін үйдің жаңа иесі мен досын атып тастаған. Игорь қоршаудың сыртына жүгіріп шығып, көшеде тұрған екі полиция қызметкері мен үйдің жаңа қожайынының туыстарына оқ жаудырған. Олар көліктің артына жасырынып үлгерген", - деп қосты мемлекеттік айыптаушы.

Тергеушілердің мәліметінше, Дужнов жалпы алғанда карабиннен 10 рет оқ атқан, оның тоғызын сегіз секундта атқан.

Дужнов адамға, бейбітшілік пен қауіпсіздікке, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке, әкімшілік, сот төрелігі мен жазаны орындау тәртібіне қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталып отыр.

Судья тағылған айыптар арасында өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы барын атап өтті. Сондықтан сотталушы алқабилердің қатысуын талап ете алады. Алайда Дужновтың адвокаттары алқабилер сотынан бас тартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro