Қызылорда облыстық сотының судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші Артур Наримов Алматыда полиция қызметкерлеріне қарсы шабуыл жасаған күдікті, 2012 жылдың 8 мамырында Қызылорда қалалық сотында ҚР қылмыстық кодексінің 251-бабы "Заңсыз қару сатып алу және оны сақтау" (ескі редакция) бойынша сотталған Руслан Кулекбаевқа қатысты брифинг өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сотталушы Руслан Кулекбаев 14.02.2012 жылы Тараз қаласының теміржол вокзалы маңындағы саябақтан полиэтилен пакетінен атуға жарамды "1895 жылғы үлгісіндегі Наган" 7-атарлық револьвер атыс қаруы, патрондар салуға арналған қораптың ішінен 7 (жеті) дана 5,6 миллиметр калибрлі патрондары және дыбыс шығармайтын құралын тауып алып, әрі қарай өзінде сақтау мақсатында аталған қаруды және оқ дәрілерді заңсыз иемденген", - деп хабарланды брифингте.
© mensby.com
Сот үкімімен сотталушы Кулекбаев Руслан Қазақстан Республикасы ҚК-нің 60-бабы (ескі редакция) негізінде, ОҚО Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотының 27.08.2010 жылғы үкімімен тағайындалған шартты түрде сотталудың күшін жойып, жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосып, түпкілікті 3 (үш) жыл 6 (алты) айға бас бостандығынан айыруға, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 13-бабының 1-бөлігіне сай әрекетінде қылмыстың қайталануы бар деп танылып, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге белгіленген.
Брифинг соңында судья Артур Наримов БАҚ өкілдерінің аталған үкімге қатысты сұрақтарына жауап берді.
Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты.
Осыған дейін ІІД тергеу жұмыстары барысында18 шілдеде полицейлерді өлтірді деген күдікке ілінген Руслан Күлекбаевтің жалдамалы пәтерді анықтаған болатын. Полицейлер пәтерде адам өміріне қауіпті заттардың бар-жоғын тексеріп шықты. Алайда, полицейлер пәтерді тінту кезінде қауіпті заттарды таппады.