Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Алматылық атқыш полицейлерге шабуыл жасаудың алдында бір жезөкшені өлтірген

18 Шілде 2016, 20:17
0

Ақордадағы Қауіпсіздік кеңесінің жиынында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Президентке Алматыдағы оқиғаның хронологиясын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан таратқан видеосына сілтеме жасап. 

Нақтырақ айтқанда, Қасымов Нұрсұлтан Назарбаевқа алматылық атқыштың өткен түнде адам өлтіргенін хабарлады. ІІМ басшысының айтуынша, күдікті жезөкшені өлтірген.

"Түнгі сағат 3.52-де ол әйелді өлтірді. Бізде куәгерлер бар, ол жеңіл жүрісті қыздармен жанжалдасқан, олардың бірі Өзбекстан азаматшасы. Ол қыз отырған көлікке келіп, такси жүргізушісінен жарықты қосуын сұрап, тапаншамен оқ атқан, кейін көлікті айдап әкеткен. Бұл көлікті қаза болған қызбен бірге таптық", - деді министр.

Сонымен қатар, министр лаңкеспен бірге жүрген екінші адам жайлы айтып берді. 

"Қазір екінші адам да анықталды, ол куәгер болып шықты. Қазір оның қатысы бар-жоғын анықтап жатырмыз. Қаруы тәркіленді, шабуылға қатысқандардың барлығы ұсталды", - деп мәлімдеді ІІМ басшысы.

Қасымов оқиға тізбегін баяндай отырып, бүгін сағат 10.54-те белгісіз біреудің Алмалы аудандық ІІБ-ге келгенін хабарлады. Посттағы полицей құжатын сұраған кезде ол тапаншасын алып шығып, екі мәрте оқ атқан, сөйтіп оны жарақаттайды. Кейін ол полицейдің автомат қаруын алып, кезекші бөлім жаққа бірнеше рет оқ атқан, аудандық ІІБ ауласында тұрғандарға да бірнеше рет оқ атқан. Осы кезде төрт полицей жарақат алған, бір азамат (оны министр "біздің бұрынғы зейнеткер" деп атады) қаза тапты.  

"Осыдан кейін қылмыскер көшеге жүгіріп шығып, көлікке отырған. Біз екінші деп есептеген адамды күдікті қорқытып, Байзақов көшесіне жеткізуін талап еткен. Жол бойында ол патрульдік полиция қызметкерлеріне оқ атқан. ҰҚК департаментінің ғимаратының алдына келген ол көліктен шығып, тағы да оқ атқан, екі қызметкерді жарақаттаған. Осы уақытта жүргізуші қашып кеткен. Біз оны таптық", - деді министр.

Осыдан кейін қылмыскер тағы бір көлікті тоқтатып алған, көлікте шекара қызметінің аға лейтенанты отырған. "Онымен бірге ол Абай даңғылына дейін жетіп алған, бірақ аға лейтенант қарсылық көрсеткен болуы керек, ол үшінші мекен-жайға келіп жеткенде біздің кезекшілікте тұрған полицейлермен атыса бастады. Біреуі жарақат алып, қаза тапты, екіншісі оны жарақаттап, қолына кісен салды. Тапаншасы мен автоматын тәркіледі", - деді ведомство басшысы.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай