Алматылық автобуста қалта ұрысы видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық автобуста қалта ұрысы видеоға түсіп қалды видео кадры

Алматы автобустарының бірінде оқиға куәгері жолаушы әйелдің мойнынан алқасын шешіп алмақ болған ер адамды "білдірмей" видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы автобустарының бірінде оқиға куәгері жолаушы әйелдің мойнынан алқасын шешіп алмақ болған ер адамды "білдірмей" видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода ер адам алдындағы орындықтың арқасына қолын қойып отырғаны көрінеді. Ол өз әрекетін жасыру үшін қолына күртешесін жауып қойған. Бұл ретте ол алдыңғы орында отырған әйелдің мойнынан әшекейін шешіп алмақ болады. Ер адамның "шебер" қимылдағаны сонша, жолаушы әйел ештеңеге сезіктенбейді.

Telegram-арнаға куәгердің айтуынша, ұры жалғыз болмаған. Оның қасында бір әйел болған. Олар өздерін видеоға түсіріп жатқанын байқағанда автобустан шығып кеткені айтылды.

Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, бөтеннің мүлкін ұрлауға оқталу дерегі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Күдікті анықталды. Оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені өткізіледі. Күдікті міндетті түрде жауапқа тартылады", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети