01 шілде 2017 11:47

Алматылық автобустарды өзбек гастарбайтерлері жүргізген - полиция

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Алматылық полицейлер "Автобус" аталған жедел-алдын алу шараларын жүргізудегі төрт күн ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған жол қозғалысы ережесін бұзудың 700 шақты дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматылық полицейлер "Автобус" аталған жедел-алдын алу шараларын жүргізудегі төрт күн ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған жол қозғалысы ережесін бұзудың 700 шақты дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Рейд шараларының барысында 10 автобус техникалық жарамсыз болғанына байланысты мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Сегіз автоөнеркәсіп жетекшілері желіге апат жағдайындағы автобустарды шығарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, парк жүргізушілерінің қатарында көлік құралын жүргізу құқығынан соттың шешімімен айырылған және біздің елімізде заңсыз тұрып келген адам анықталды, ол көші-қон заңын өрескел бұзған", - деп хабарлады ІІД Әкімшілік полиция басқарма басшысының орынбасары Жандос Мұратәлиев.

Айтуынша, бұл дабыл соғатын статистика. Бұл факторлар нәтижесінде мегаполистегі жағдайға және апаттарға әсер етеді. 

"Қала көшелеріндегі апат пен жарақат алудың алдын алу, қалалық маршрут жүргізушілердің көлік қозғалысындағы ережелерді сақтау және жолаушылар көлігі қозғалысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын кәсіпорын жетекшілеріне жүргізушілер құрамымен алдын алу және жеке жұмыстарын жүргізуге кеңес береміз, сонымен қатар, жүргізуші және контролер қызметтеріне сапалы кадр тағайындауды ұсынамыз", - деді полковник Мұратәлиев.

Айта кетейік, Алматыда балансында 1800 автобусы бар 21 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 112 маршруттағы жолаушылар тасымалын жүзеге асырады. 2017 жылдың 5 айының ішінде қалада қоғамдық көліктердің қатысуымен 78 жол-көлік оқиғасы тіркелген, салдарынан 4 адам қаза тауып, 115 адам жарақат алған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети