26 наурыз 2020 17:40

Алматылық дәрігерлер коронавирус жұқтырған әйелді қалай емдегенін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық дәрігерлер коронавирус жұқтырған әйелді қалай емдегенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық дәрігерлер коронавирус жұқтырған әйелді қалай емдегенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 26 наурызда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирустан айыққан әйел шығарылды. Ол Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың алғашқыларының бірі болды.

Дәрігерлердің айтуынша, әйел вирусты Еуропа елдерінде жүргенде жұқтырған.

"Ол 14 күн бұрын карантинге жатқызылды. Коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған шығар. Сараптама қорытындысы COVID-19 барын анықтады. Ол вирусқа қарсы емнің барлығын толықтай алды. Вирустың ешқандай белгілері мазалаған жоқ. Ем барысында вирус асқынған жоқ. Соңғы екі сараптама коронавирустың жоқ екенін көрсетті. Хаттама бойынша біз науқастарды сараптама нәтижесі теріс болса да кем дегенде 14 күн емдеуіміз қажет", - деді жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Бақыт Отағанов.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда екі адамның коронавирустан жазылғаны хабарланған болатын.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 109 адамға жетті. "Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 109 науқас тіркелді", - делінген еді хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети