10 сәуір 2020 12:31

Алматылық дәрігерлер неге тиісті үстемақысыз қалғаны түсіндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматы әкімдігі балалар жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлерімен болған жағдайды түсіндірді. Олар жалақысына қосылатын үстемақыға наразы болған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігі балалар жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлерімен болған жағдайды түсіндірді. Олар жалақысына қосылатын үстемақыға наразы болған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, қалада үстемақы төлеу аяқталып қалды. Бұл қаражат медициналық сақтандыру қорынан бөлінді.

Ол балалар жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері неге үстемақы алмағанын түсіндірді.

"Бұйрықты түсіндіруде белгілі бір қиындықтар болды. Қазір бұл мәселе шешіліп, Денсаулық сақтау министрлігімен келісілді. Атап айтқанда, қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы тарапынан қабылдау бөлмесі, зертхана, клиникалық-диагностикалық бөлімше қызметкерлеріне қатысты түсініспеушілік болды. Қазір аталған бөлімшелердің барлық қызметкері коронавирус жұқтырғандармен тікелей байланыстағылар болғандықтан, бірінші топқа кіргізілді", - деді ол.

Ол сондай-ақ, үстеме ақы төлеу кезінде салықтар ұсталатынын айтты.

"Бұған дейін бөлінген сыйақылардың осы төлемдерге қатысы жоқ", - деп толықтырды ол.

Қазіргі таңда Алматыда 500-ден астам дәрігер, 1,7 мың ортамедицина қызметкері, 549 кіші медицина қызметкері және 764 өзге де денсаулық сақтау қызметкері өз төлемдерін алып жатыр. 

Жалпы алғанда, 965 миллион теңге сомаға 3557 медицина қызметкері төлем алады. Есептеулер 3 күрделілік санаты бойынша жүргізіледі.

Бұған дейін Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа хат жазған болатын. Дәрігерлер үстемақы төлеу кезінде оларды бірінші емес, үшінші санатқа жатқызғандарына шағымданды.

Біртанов дәрігерлерді жақтап, мәселені түзеуді тапсырды.

Еске салайық, Қазақстандағы 26 228 дәрігерге үстемақы төленеді. Мамандар вирус жұқтыру қаупіне байланысты үш топқа бөлінді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети