13 қыркүйек 2016 13:32

Алматылық дәрігерлерге 40 жаңа жедел жәрдем көлігі берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматылық дәрігерлерге Қала күні қарсаңында 40 жаңа жедел жәрдем көлігі берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қала әкімі Бауыржан Байбек дәрігерлерге жаңа көліктердің кілтін табыстады.


Алматылық дәрігерлерге Қала күні қарсаңында 40 жаңа жедел жәрдем көлігі берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қала әкімі Бауыржан Байбек дәрігерлерге жаңа көліктердің кілтін табыстады.

"Жаңа көліктер біздің дәрігерлерді және науқастарды қауіпсіздікпен қамтамасыз ететініне сенеміз. Біз жедел жәрдем көліктерімен болатын түрлі жағдайларды білеміз. Енді осы көліктер адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп сенемін", - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетейік, Ford Tranzit маркалы автокөліктер Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының жедел жәрдем станциялары арасында бөлінеді. 40 жаңа көліктің 32-сі интенсивті терапия бөліміндегілерге берілді.

"Жүргізушінің кабинетінде видеотіркеу құрылғысы мен GPS-навигатор болады. Көлік әлемдік стандарттарға сай жабдықталған. Көліктердің сапасы жақсы", - деп хабарлады Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Алматы қаласының жедел жәрдем станциясында 167 жедел жәрдем көлігі бар.


© Тengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети