Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Шығыс айналма автожолында (ШААЖ) асқан жылдамдықпен бейберекет жүрген көліктің видеосы тарады. Полиция видеоға қатысты пікірі білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайы
Ролик авторларының айтуынша, жүргізуші ШААЖ-да сағатына 200 шақырымнан аса жылдамдықпен жүрген.
"Роликтегі пікірлер мен қатысушылардың әрекеттері олардың өз қауіпсіздігіне де, өзгелердің қауіпсіздігіне де немқұрайлы қарағанын көрсетеді", – делінген жарияланым сипаттамасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция пікірі
Алматы Полиция департаменті жүргізуші мен жолаушылардың жеке тұлғалары анықталғанын және олардың "қатаң жауапкершілікке тартылатынын" мәлімдеді.
"Мұндай әрекеттерге жол берілмейді, әсіресе мегаполис жағдайында, мұнда қозғалыс қарқынды және кез келген құқықбұзушылық қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Әрбір құқықбұзушы заңда көзделген жазасын алады", – деді Алматы ДП жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шұмаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!