20 желтоқсан 2018 16:40

Алматылық ғалымдар ЖОО студенттерінің әлеуметтік-психологиялық портретін жасады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің жанындағы Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты Алматыдағы жоғары оқу орындары студенттерінің әлеуметтік-психологиялық портретін жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қыздар университетінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің жанындағы Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты Алматыдағы жоғары оқу орындары студенттерінің әлеуметтік-психологиялық портретін жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қыздар университетінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Мың келбетті жастық шақ: Алматы қаласының жоғары оқу орындары студенттерінің әлеуметтік-психологиялық портреті" тақырыбындағы  сауалнама биылғы жылдың сәуір-тамыз айлары аралығында жүргізіліп, жақында қорытындысы шығарылды.

Институт мамандарының айтуынша, сауалнамаға Алматы қаласындағы 8 жоғары оқу орнының студенттері қатысқан. Атап айтқанда, олардың қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы Менеджмент университеті, Шет тілдері және іскерлік мансап университеті, Сулеймен Демирел университеті және М. Тынышпаев атындағы Қазақ транспорт және коммуникация академиясы бар.

Әлеуметтік зерттеу барысында студенттердің жоғары оқу орнын таңдауы, білімге деген көзқарасы, кәсіптік бағдарға, бюджет көздеріне, саяси бағдарлауға, бос уақытты өткізуге, әлеуметтік сәйкестілікке, некеге тұруға, репродуктивтікжәне гендерлік бағдарламаға қатысты сұрақтар қамтылды.

"Сауалнамаға 485 респондент қатысқан. Қыздар университетінде осы шараға байланысты құрамында 56 студент пен магистрант бар 9 фокус тобы ұйымдастырылды. Әлеуметтік зерттеу нәтижесі SPSS нұсқасында өңделді", - дейді институт мамандары.

Университет қызметкерлері осы тақілеттес сауалнаманыжоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары мен қызметкерлерінің арасында жүргізуді көздеп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети