Алматыда мектеп-гимназия мұғалімдері жаңа директордың үстінен ұжымдық шағым жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда мектеп-гимназия мұғалімдері жаңа директордың үстінен ұжымдық шағым жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биылғы оқу жылы басында мектеп басшысы ауысқан. Мұғалімдердің айтуынша, Білім басқармасының бұрынғы қызметкері оқу орнына директор болып келген.
"Ешқандай келісімсіз 6 қыркүйекте жаңа директор Гүлзира Байшимированы әкелді. 29 тамызда, яғни директорлық қызметке тағайындалуға бір-екі күн қалғанда ол гимназияға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қабылданған көрінеді", - делінген шағымда.
Алайда мұғалімдер оны тағайындау кезінде заң өрескел бұзылғанын айтады. Сондай-ақ, Байшимированың келген қызметі бос болмағаны және мектепте бос жұмыс орны болмағаны айтылады.
"Білім басқармасы білім министрінің №57 бұйрығын бұзды: оқуға қабылдау үшін конкурс болған жоқ. Мектеп ұжымы Байшимированы 6 қыркүйекте ғана көрді. Сұрақ туындайды: егер оны бүкіл ұжым, соның ішінде кеңсе қызметкері де көрмесе не естімесе, ол қалай жұмысқа қабылданған. Бұл заңбұзушылықты Алматы қаласы бойынша Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті де анықтады", - деді олар.
Сондай-ақ, ұстаздар Байшимированы жұмысқа алу туралы бұйрықтағы мектептің бұрынғы директоры Қалдықыз Мұсаеваның қолтаңбасы жалған деп отыр.
"Мұсаеваның қолтаңбасы бұрынғы қолымен сәйкес келмейді. Осыған байланысты бұйрық бұрмаланып, қолдан жасалған деп есептейміз", - дейді ұстаздар.
Мұғалімдердің үндеуіне байланысты Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін Білім басқармасына жүгінді.
"Қалдықыз Мұсаева 31 тамызда отбасы жағдайына байланысты өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазған. Гүлзира Байшимирова 29 тамызда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне қабылданған, өйткені екі орын бос болды. Мұсаеваның қолы түпнұсқа (факсимиле)", - деді ведомство өкілдері.
Сондай-ақ, Байшимирова жаңа қызметінде педагогикалық әдеп заңдары мен нормаларын бұзбағаны атап өтілді.
"Байшимировадан директорлық міндеттерін атқарған күннен бастап ешқандай заңнамалық және педагогикалық әдепбұзушылық анықталған жоқ. Бұл оқиғаны Байшимированың тағайындалуына қарсы адамдар ұйымдастырған. Бірақ ұжымда көп мұғалім Байшимированың барлық талабы ұжыммен келісілгенін растайды", - деді Алматы қалалық Білім басқармасы өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!