25 тамыз 2018 | 14:57

Алматылық жігіт қарызын алуға барамын деп жоғалып кетті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық 24 жастағы Зинур Хамитов 100 мың теңге берген қарызын алуға шыққаннан кейін жоғалып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жігіттің анасы Альфия Хамитова айтып берді. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматылық 24 жастағы Зинур Хамитов 100 мың теңге берген қарызын алуға шыққаннан кейін жоғалып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жігіттің анасы Альфия Хамитова айтып берді. 

Оның айтуынша, ұлы 23 тамызда сағат шамамен 20.00-де жұмыстан шыққан. Анасы ақшаны ұлына әріптесі қайтаруы керек болғанын айтады.

"Зинур мен әріптесі су тасымалдайтын компанияда жұмыс істейді. Ұлым - экспедитор, бұл компанияда жұмыс істеп жүргеніне бір айдан асты, ал әріптесі жүргізуші болып жұмыс істейді. Ол ақшалай қиындыққа тап болған, сол себепті Зинурдан қарыз сұраған. Ал ұлым мейірімді, содан оған қарызға берген.

Әріптесі ақшаны 23 тамызда қайтару керек болған. Сол күні жүргізуші жұмысқа шықпай, ақша іздеп жүрген. Ол Калинин ауылында тұрады. Балам сол жаққа барып, қайтып оралмады", - деді анасы. 

Соңғы рет әйел баласымен шамамен 22.08-де хабарласқан. Осыдан кейін оның телефоны сөндірулі тұр.

Әйел Алатау ауданы Ішкі істер басқармасына хабарлаған.


Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети