©РИА Новости
Қазақстандық жүкті әйелді ұрып-соққаны үшін айыпталған қырғыз милициясы қызметкері ақталды деп хабарлайды Tengrinews.kz Қырғызстанның Шу облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін Аламедин аудандық ішкі істер бөлімінің капитаны Бақыт Исмаиловқа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған. Істі тергеумен ішкі істер басқармасының өзіндік қауіпсіздік қызметі айналысты, кейін іс Ішкі істер министрлігіне және прокуратураға берілді. Прокуратура бұл істе қылмыс белгісі жоқ екенін алға тартып, өндірісті тоқтатқан. Ішкі істер қызметкерлерінің мәліметінше, капитанға қатысты ешқандай шара қолданылған жоқ, соның ішінде, тәртіптік жаза да қарастырылмады. 2013 жылдың қыркүйегінде Tengrinews.kz редакциясына Алматы қаласының тұрғыны Айгүл Рахматуллина хабарласып, өзінің қырғыз милициясынан жәбір көргенін айтқан болатын. Ол 15 тамызда отбасымен Қырғызстанға барған сапарында кеден бекетінде бір автобус артқа қозғалып, мұның көлігімен арада өтіп бара жатқан қызды қысып тастайды, бірақ оны байқамай бет алған жағына жүріп кетеді. Оқиға орнына келген мемлекеттік автоинспекция мамандары Рахматуллинаның күйеуінің көлік жүргізу куәлігін алып қояды. Көліктердің арасына қысылып қалған қыз аяғынан жараланған, бірақ қазақстандық көлікке ешқандай кінә артпайтынын айтып арыз жазады. Соған қарамастан, милиционерлер алматылықтың құжатын қайтармайды. Түнгі мезгілде капитан Исмаилов Рахматуллинаның күйеуінен түсініктеме жазуды талап етеді, бірақ алматылық оның орнына талап арыз жазып қалдырады. Осы кезде капитанның кабинетіне кірмек болған Рахматуллинаны Исмаилов дөрекі түрде итеріп жіберіп, ішінен ұрады. Бұл кезде келіншек жүктіліктің бесінші айында болған. Алматыға келгеннен кейін клиникалық тексерудің нәтижесінде дәрігерлер жүктілікті тоқтату қаупі болғаны туралы қорытынды шығарады. Рахматуллинаның айтуынша, қырғыз милициясы күйеуінің көлік жүргізу куәлігін әлі қайтармаған.
Қазақстандық жүкті әйелді ұрып-соққаны үшін айыпталған қырғыз милициясы қызметкері ақталды деп хабарлайды Tengrinews.kz Қырғызстанның Шу облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Аламедин аудандық ішкі істер бөлімінің капитаны Бақыт Исмаиловқа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған. Істі тергеумен ішкі істер басқармасының өзіндік қауіпсіздік қызметі айналысты, кейін іс Ішкі істер министрлігіне және прокуратураға берілді. Прокуратура бұл істе қылмыс белгісі жоқ екенін алға тартып, өндірісті тоқтатқан.
Ішкі істер қызметкерлерінің мәліметінше, капитанға қатысты ешқандай шара қолданылған жоқ, соның ішінде, тәртіптік жаза да қарастырылмады. 2013 жылдың қыркүйегінде Tengrinews.kz редакциясына Алматы қаласының тұрғыны Айгүл Рахматуллина хабарласып, өзінің қырғыз милициясынан жәбір көргенін айтқан болатын. Ол 15 тамызда отбасымен Қырғызстанға барған сапарында кеден бекетінде бір автобус артқа қозғалып, мұның көлігімен арада өтіп бара жатқан қызды қысып тастайды, бірақ оны байқамай бет алған жағына жүріп кетеді. Оқиға орнына келген мемлекеттік автоинспекция мамандары Рахматуллинаның күйеуінің көлік жүргізу куәлігін алып қояды.
Көліктердің арасына қысылып қалған қыз аяғынан жараланған, бірақ қазақстандық көлікке ешқандай кінә артпайтынын айтып арыз жазады. Соған қарамастан, милиционерлер алматылықтың құжатын қайтармайды. Түнгі мезгілде капитан Исмаилов Рахматуллинаның күйеуінен түсініктеме жазуды талап етеді, бірақ алматылық оның орнына талап арыз жазып қалдырады.
Осы кезде капитанның кабинетіне кірмек болған Рахматуллинаны Исмаилов дөрекі түрде итеріп жіберіп, ішінен ұрады. Бұл кезде келіншек жүктіліктің бесінші айында болған. Алматыға келгеннен кейін клиникалық тексерудің нәтижесінде дәрігерлер жүктілікті тоқтату қаупі болғаны туралы қорытынды шығарады. Рахматуллинаның айтуынша, қырғыз милициясы күйеуінің көлік жүргізу куәлігін әлі қайтармаған.