Алматылық келіншек Халыққа қызмет көрсету орталығында егіз босанып қала жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Айтуынша, 7 қарашада Әлия Алтуняй есімді азаматша босануға дейінгі құжаттарды рәсімдеу үшін Бостандық Медеу ауданының ХҚКО-на барған. Бірақ талон алмай жатып, оның толғағы басталып кеткен.
"Келіншек жедел жәрдемді ХҚКО директорының кабинетінде күтіп жатты. Орталық қызметкерлерінің барлығы әйелдің қасынд тұрды. Жедел жердем келген бетті ол перинаталдық орталыққа жеткізіліп, екі қызды дүниеге әкелді. Әлия босанып, перзентханадан шығатын күні Медеу аудандық ХҚКО-ның барлық қызметкері барып құттықтады", - деп жазды Мұрат Жұманбай.
Егіздің анасының айтуынша, Эда мен Элиф олардың тұңғыш сәбилері емес, олардың Әли деген ұлы бар екен.
"Ата-анасы қыздарға мұндай ерекше есім беруінің себебін әкесінің ұлтының басқа болуымен түсіндірді. Яғни, түрік тілінен аударғанда қыздарының есімдері - "жомарт" және "сабырлы" деп аударылады. Әлияның жағдайы жақсы, бүгін ол әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу үшін ведомствоаралық есеп-айырысу орталығына барды. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Әлия Алтуняйды егіздің дүниеге келуімен құттықтап, олардың үлкен отбасыларына денсаулық пен амандық тілейді!", - деп жазды Мұрат Жұманбай.