Алматылық құтқарушы видеоүндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық құтқарушы видеоүндеу жасады видео кадры

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері басшылығын сынға алып, видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері басшылығын сынға алып, видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде азаматтық қорғау қызметкерінің формасын киген адам өзін Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жүргізушісі Арман Өмірбаевпын деп таныстырған видео тарап жатыр. Ол жақында Медеудегі өртті сөндіру кезінде әріптесі құзырлы органдардың біліксіздігінен қаза тапқанын мәлімдеді.

Осыдан кейін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті үндеу авторын қабылдады. ТЖД қызметкерінің өтініші бойынша кездесуге блогер Жанар Құсайынова да қатысқан.

"Қызметкер әлеуметтік желі арқылы гарнизон жұмысын ұйымдастыру туралы өз пікірін ашық айтты, бірақ комиссия қабылдауында нақты дәлелдер мен деректер келтіре алмады.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша толық, жан-жақты және объектив тексеру мақсатында аталған өтінішке түрткі болған себептер мен деректерді анықтау бойынша нақты тапсырмалар беріледі", - деп түсіндірді ТЖД өкілдері.

Кейін әлеуметтік желілерде Өмірбаевтың тағы бір видеосы пайда болды. Онда ТЖД қызметкері өз мәлімдемесінде қобалжығанын айтып, айтқан сөзі үшін кешірім сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети