Алматыдық қыз Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан сыйлық алды. Бұл туралы Медина Байсарова Instagram желісіндегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздың айтуынша, ол осыдан бір ай бұрын Президентке хат жазған.
"Президентке өзімнің арманым жайлы айттым. Ал бүгін, 31 желтоқсанда маған үйге қонаққа Алматының Медеу ауданының әкімі Ержан Жұматұлы мен оқып жүрген мектептің директоры келді. Олар маған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев беріп жіберген сыйлықты табыстады. Ол маған күшік сыйлады. "Снежа" деген француз бульдогі. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, менің арманымды орындағаныңыз үшін көп рақмет! Сіз әлемдегі ең үздік және ең мейірімді президентсіз. Барлық қазақстандыққа армандарының орындалуын тілеймін", - деді блогер қыз.