22 қаңтар 2016 12:56

Алматылық магистранттар жеңілдігі бар "Оңай" картасын ала алмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Шоқан Алхабаев © Шоқан Алхабаев

Алматылық магистранттар қоғамдық көлікпен жүруге жеңілдік ала алмайды. Бұл туралы олар Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады.


Алматылық магистранттар қоғамдық көлікпен жүруге жеңілдік ала алмайды. Бұл туралы олар Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады.

Айтуларынша, оларға 1 желтоқсанға дейін "Оңай" студенттер картасын тегін береміз деген. "Біз өтініш жаздық, желтоқсанда картаны алуға келдік, сөйтсек, әлі дайын емес екен, ал таяуда магистранттарға бұдан былай "Оңай" студенттер картасының берілмейтінін айтты. Ал картаны алып қойған магистранттардыкі құлыпқа түскен", - деп хабарлады оқырманымыз.

Осыған дейін "Алматы қалалық Көлік холдингінің" өкілдері картаны университеттер ұсынатын тізім бойынша жасап жатқанын хабарлаған еді. Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында Алматы қалалық Жастар саясаты жөніндегі басқарманың баспасөз қызметінің өкілдері жеңілдігі бар студенттік "Оңай" карталарының магистранттарға жоғары оқу орындарының тарапындағы жауапты адамдардың кінәсінен қателіктен беріліп қойғанын және магистранттардың "Білім беру туралы" Заң бойынша жеңілдігі бар категорияға жатпайтынын хабарлады.

Еске сала кетейік, 1 қазаннан бастап қаладағы барлық қоғамдық көлікте "Бірыңғай көлік картасы" жүйесі іске қосылды. Төлем жасаудың жаңа жүйесі - арнайы есептегіш құрылғылары мен жолақы карт-билеті. "ОҢАЙ!" төлем картасын арнайы терминалға қою керек. Жол жүру ақысы автоматты түрде есепшоттан алынып отырады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети