Алматылық оқушылар қалай офлайн оқиды? Сағынтаев түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық оқушылар қалай офлайн оқиды? Сағынтаев түсіндірді Фото: elements.envato.com

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев педагогтермен кездесуде қала мектептерінде офлайн режимде оқыту қалай ұйымдастырылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев педагогтермен кездесуде қала мектептерінде офлайн режимде оқыту қалай ұйымдастырылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкім жаңа оқу жылы қарсаңында барлық қалалық қызмет балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау, балалар мен қызметкерлер денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, білім беруді сапалы ұйымдастыру бойынша жұмыс жасауы керек екенін айтты, оған қоса білімді толықтыру және балаларға психологиялық қолдау көрсету шараларын қамту.

"Осыған байланысты мыналарды тапсырамын: біріншіден, білім басқармасы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен және Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен бірге 1 қыркүйектен бастап мектептерде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етілуін, оның ішінде мониторингті үздіксіз бақылау, күнделікті профилактикалық шаралар мен мектепті қажетті дезинфекциялық құралдармен және басқа құралдармен жабдықтау, Білім беру басқармасы 1 қыркүйекке дейін мектептерде науқас балалар анықталған жағдайда оларды кейінге қалдырмай қашықтан оқытуға көшіру алгоритмін әзірлеуі тиіс. Мектеп қызметкерлері ауырып қалған жағдайда қолданылатын шаралар қарастырылуы керек", - деді Сағынтаев.

Сондай-ақ, әкім Білім басқармасына ата-анамен сапалы кері байланыс орнатуды, ата-анаға кеңес беру үшін барлық білім беру ұйымының "сенім телефондары" мен Call-орталығы жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды. Сағынтаевтың айтуынша, Ashyq жобасына байланысты талаптарға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Әкім мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында іргелес аумақтарда бақылау шаралары күшейтілгенін айтты. Қазіргі уақытта барлық білім беру ұйымы ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етілген, 239 ұйым күзетпен жабдықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Аудандық әкімдіктер мектеп маңындағы аумақтарды жарықтандыру, мектеп маңындағы көшелерге жол белгілерін орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Жандарбек Бекшин мектептер қандай жағдайда карантинге жабылатынын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети