Алматы тұрғыны ҚР білім және ғылым министріне Facebook желісінде видеожолдауын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бірінші сынып ата-аналары атынан балалардың оқулығына қатысты ескерту айтты. Салтанат Тәжиеваның ойынша, оқулықтардағы жаттығулар бастауыш сынып оқушыларына тым күрделі.
Алматы тұрғыны ҚР білім және ғылым министріне Facebook желісінде видеожолдауын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бірінші сынып ата-аналары атынан балалардың оқулығына қатысты ескерту айтты. Салтанат Тәжиеваның ойынша, оқулықтардағы жаттығулар бастауыш сынып оқушыларына тым күрделі.
Әйел адам нөлінші сыныптарға арналған "Қоршаған ортамен таныстыру, экология негіздері" және бірінші сынып оқушыларына арналған "Жаратылыстану" оқулықтарынан мысал келтірді.
"Қоршаған ортамен таныстыру, экология негіздері" оқулығында "Қызыл кітапқа" енетін құстарды белгілеңдер. Ал енді нөлінші сыныпқа әлі алтыға толмаған бес жастағы балалар барып жатыр, олар "Қызыл кітаптың" не екенін қайдан біледі?", - дейді оқушының анасы.
Оқулықтардан тағы бірнеше мысал келтірілді.
Сонымен қатар, әйел алты жасар балаға көтеретін норма екі келі екенін, ал қазіргі оқулықтар мен дәптерлерден балалар асынатын рюкзактардың салмағы алты келі болатындығына шағымданды.
Сондай-ақ, үзілмейтін комиссиялар кесірінен мектеп мұғалімі оқушыларға уақыт бөле алмайды деп есептейді ол. "Жетіге толмаған бала қалай оқиды? Оларға қамқорлық пен тікелей қарым-қатынас керек. Ал мұғалімдер министрлік талабы бойынша бәлен қағазды отыз балаға әр пән бойынша толтыруы керек, жазуы керек, файлға салып, оны регистрге салуы керек және үздіксіз комиссиялар дейміз де, балаға деген мұғалімнің уақыты жоқ", - деп түсіндірді ол.
Айта кетейік, видео кеше жарияланып, қазіргі кезде бес мың рет бөлісіліп, 500-ден аса пікір жинаған.
Білім және ғылым министрлігі әйелдің видеожолдауын назарға алды. Қазіргі кезде қойылған сауалдарға мемлекеттік орган түсініктеме беруге дайындалып жатыр.
"Министр оқулықтарды құрастырушыларға Салтанат Тәжиева қойған сауалдарға түсінік беруді тапсырды. Түсініктеме жақын уақытта Facebook желісінде жарияланады", - дейді министрлік өкілдері.