Алматылық ондаған ағашты сындырған вандалдарды табуды талап етті

viewings icon 211 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр

Жақында вандалдар Үлкен алматы өзеншігінің бойына отырғызылған ағаштарды сындырған. Бұл туралы Tengrinews.kz оқырманы редакцияның WhatsApp нөміріне +7 777 001 44 99 бейне жіберді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жақында вандалдар Үлкен алматы өзеншігінің бойына отырғызылған ағаштарды сындырған. Бұл туралы Tengrinews.kz оқырманы редакцияның WhatsApp нөміріне +7 777 001 44 99 бейне жіберді.

"Біз Төле би даңғылының төмен жағында орналасқан Сайран көлінен шығатын өзен бойымен жүрміз. Міне, аллеяда осындай жабайылық болған. Мұндай сұлулықты қалай сындыруға болады, ағаштар енді ғана күшіне еніп, бүршіктер гүлдей бастады. Олар жақында ғана отырғызылған... Олар осындай зұлымдықты жасады. Мен олардың табылып, жазаланып, өз есебінен 10 есе көп ағаш отырғызуға мәжбүр болғанын қалаймын", - деді Алматы тұрғыны видеода.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, белгісіз біреулер 30-дан астам жас көшетті сындырған.

"Осы дерек бойынша биыл 12 тамызда Әуезов аудандық әкімдігінің және полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, оқиға орны тексерілді, тексеру барысында магистральдың ортасында 36 көшет сынғаны анықталды (сәнағаш - 15 дана, қараған - 8 дана және шегіршін - 13 дана). Бұл көшеттерді "Стамп Сервис" ЖШС компаниясы аудан әкімдігімен шарт шеңберінде отырғызған. Аталған компанияның қызметкерлері кінәлі тұлғаларды анықтау үшін Әуезов ауданының полиция басқармасына өтініш білдірді", - деп хабарлады әкімдік.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері куәгерлерге сауалнама жүргізеді, бақылау камераларынан бейнелер зерттеледі.

Зақымдалған ағаштар өмір сүруге жарамсыз болғандықтан, күзде көшеттерді мердігер ұйымның күшімен ауыстыру жоспарланып отыр.

"Құқықбұзушы анықталған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 386 - бабына сәйкес" жасыл желектерді күтіп - ұстау және қорғау қағидаларын бұзу" бойынша жеке тұлғаларға - 30, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 60, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 100, ірі кәсіпкерлік субъектілерге - 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе ескерту жасауға әкеп соғады", - деп мәлімдеді Алматы әкімдігінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
22°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю