Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов ішкі істер органдарын модернизациялау полицейлердің жалақысына қалай әсер еткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов ішкі істер органдарын модернизациялау полицейлердің жалақысына қалай әсер еткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қалалық полиция департаментінің басшысы Facebook желісіндегі тікелей эфир барысында ішкі істер органдарындағы қызметкерлердің жалақысын айтты.
"Жол каратсы және ІІД жүйесін модернизациялау барысында полицейлердің жалақысы 65 пайызға өсті: сержант құрамындағы қызметкерлер: 93 мың мен 140 мың аралығында, офицерлер құрамының полиция қызметкерлері - 124 мың мен 174 мың аралығында. Сонымен қатар, Алматы ПД қызметтері мен бөлімшелерінің 718 қызметкері ай сайын тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы алады. Ішкі істер органдарын модернизациялағанға дейін олардың саны 414 болған. Аталған өтемақыны жедел бөлімшелер, тергеу, анықтау, СОБР қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды полиция қызметкерлері, сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлері алады", - деді Қанат Таймерденов.
Алматыда қосымша 360 "Сергек" камерасы орнатылады
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!