Алматылық тұрғынды Қорғасқа дейінгі бетон жолдағы пенопласт таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық тұрғынды Қорғасқа дейінгі бетон жолдағы пенопласт таңғалдырды видео кадры

Пенопласт салынған жол алматылықты таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Алматы – Қорғас тасжолында бетон плитка арасы пенопластпен жамалғанын байқаған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пенопласт салынған жол алматылықты таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Алматы – Қорғас тасжолында бетон плитка арасы пенопластпен жамалғанын байқаған.

"Алматы-Шелек бағытындағы бетон жолдың жыртығын пенопластпен жамап қойыпты. Әлде жаңа технологиямызды талқандап, жолды бүлдірдің деп жауапқа тартасыздар ма мені?" - деп жазды Диас Нұрақын Facebook-парақшасында.

"ҚазАвтоЖол" бұл жағдайда қандай технология қолданылғанын түсіндірді. Компания мәліметінше, Алматы-Шелек-Қорғас жолының (25-320 шақырым) учаскесінде мердігерлер орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Бұл жұмыстарға цемент-бетон жабындысын плиталарды ауыстыра отырып жөндеу, жарықшақтарды бекіту және нығыздау әдісімен компенсаторды орнату кіреді. Компенсаторларды кесу жазғы уақытта жүргізілді. Технологияға сәйкес бөгде заттардың түсуіне жол бермеу үшін пеноплекс төселеді (бұл қалыпты тәжірибе, плиталар кеңеюі керек). Жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Бейнеде аралық жұмыстың нәтижесі көрсетілген. Алдағы уақытта мердігерлер битум мастикасын құйып, тығыздауыш сым төсеу жұмыстарын жүргізеді" - деді компанияның баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева.

"Қазавтожол" видеода "мердігердің мүлкіне зақым келтіру" түсірілгенін айтады.

"Бұл бейнероликке қатысты. Қайталап айтамын, видеода аралық жұмыстың нәтижесі көрсетілген. Бұл материал уәкілетті органның қарауына және келтірілген шығынды ескере отырып, тиісті шешімдер мен шаралар қабылдауға жіберіледі", - деп қосты Стамғазиева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети